Ангелина Лукас Мәскеудегі бокс кешінде жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (11-1, 5 КО) Мәскеудегі бокс кешінде жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның қарсыласы нигериялық Айисат Орийоми (9-0, 6 КО) болды. Жекпе-жек IBA «Чемпиондар түні» аясында өтті.
Екінші жеңіл салмақтаңы сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Қазақстандық боксшы үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Бұл жеңіс Лукас үшін кәсіпқой карьерасындағы 12-жеңісі болды.
Айта кетейік, Ангелина жақын арада рингке оралады. BoxRec мәліметінше, ол алдағы үш аптада Түркияда екі жекпе-жек өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или