Неймар «Сантосқа» оралды

Неймар «Сантосқа» оралды

«Сантос» шабуылшы Неймардың клубқа оралғанын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы клуб әлеуметтік желідегі папақшасында хабарлады.

Неймар - «Сантос» академиясының түлегі. Ол клубтың негізгі құрамында 2009-2013 жылдар аралығында өнер көрсетті. Осы кезеңде ол барлық турнирде 225 матчқа қатысып, 136 гол соғып, 64 нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталы футболшыны 15 млн еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или