Биатлоннан Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшылар қандай нәтиже көрсетті

Биатлоннан Әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшылар қандай нәтиже көрсетті

Бүгін, 31 қаңтар күні Әлем кубогы-2025 кезеңінде әйелдер арасында биатлоннан жарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz 

7.5 км спринт жарысында қазақстандық спортшылардың нәтижелері белгілі болды.

Бірінші орын Анна-Карин Хейденбергке бұйырды, швед спортшысы спринтті 21:43.1 есебімен аяқтады, екінші орынды Амандин Менжен (+49.3), ал үшінші орынды Байба Бендика иеленді (+49.4).

Қазақстандық спортшылар Айша Ракишева 24:22.5 нәтижесімен 48-орынға, Галина Вишневская-Шепоренко 25:56.2 нәтижесімен 80-орынға, Милана Генева 83-орында (26:16.1), Алина Скрипкина 85-орында (26:21.5).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или