УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің соңғы турындағы үздік ойыншы анықталды
УЕФА баспасөз қызметі Чемпиондар лигасындағы аптаның үздік ойыншысы номинациясының жеңімпазын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл марапатты «Астон Вилла» шабуылшысы Морган Роджерс жеңіп алды. Ол жалпы кезеңнің соңғы турында «Селтикке» (4:2) қарсы ойында хет-трик авторы атанды.
Сондай-ақ, бұл жүлдеге Антуан Гризманн («Атлетико», «Зальцбург» қақпасына дубль), Усман Дембеле («ПСЖ», «Штутгартқа» хет-трик), Лаутаро Мартинес («Интер», «Монакоға» хет-трик) және Морган Роджерс («Астон Вилла») үміткер болған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или