«Тоттенхэм» «Бавария» шабуылшысын 60 миллион еуроға сатып алғысы келеді
«Тоттенхэм» «Бавария» шабуылшысы Матис Тельді сатып алуға жақын, деп хабарлайды Prosports.kz.
Le Parisien мәліметінше, лондондық клуб 19 жастағы француз ойыншысын мюнхендік командадан 60 миллион еуроға сатып алу бойынша келісімге келген. Бұл келісім «Бавария» тарихындағы ең ірі сатылымдардың бірі болуы мүмкін.
Алайда, Тель әлі соңғы шешімін қабылдаған жоқ, себебі ол тұрақты ойын тәжірибесіне ала алатын командаға ауысқысы келеді. Бұған дейін осы себеппен шабуылшы «Челсидің» ұсынысынан бас тартқан болатын. Сонымен қатар, ойыншыға «Манчестер Юнайтед», «Арсенал» және «Астон Вилла» қызығушылық танытуда.
Transfermarkt порталы Тельдің нарықтық құнын 30 миллион еуро деп бағалап отыр. Оның «Бавариямен» келісімшарты 2029 жылға дейін есептелген.
Осы маусымда Тель «Бавария» сапында барлық турнирде 13 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.