Қазақстандық каратеші қыз Мөлдір Жаңбырбай әлемдік рейтингте көш бастады
Халықаралық каратэ федерациясы (WKF) жаңартылған рейтинг кестесін жариялады. Тізімде қазақ қызы Мөлдір Жаңбырбай 50 келіге дейінгі салмақта көш басына шықты.
Мөлдір жуырда ғана Парижде өткен халықаралық рейтингтік Каратэ1 Премьер Лигасында қола медаль еншілеген болатын. Бұл нәтиже оның рейтингте бірінші орынға көтерілуіне мүмкіндік берді.
- Мөлдір Жаңбырбай (Қазақстан) – 5490 ұпай
- Иоргелис Салазар (Венесуела) – 5350
- Эма Сгарделли (Хорватия) – 3312
Айта кетейік, Мөлдір Жаңбырбай каратеден әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ қызы (2023 жыл). Ол сондай-ақ, 2021 жылғы Азия чемпионатының алтын, 2023 жылғы күміс жүлдегері. Ханчжоудағы Азия ойындарында екінші орын алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или