Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні айтылды

Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қашан өтетіні айтылды


Англиялық Шакил Томпсонның менеджері боксшының қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы командасымен келіссөзі жайында айтып берді, деп хабарлайды Sport+ Kazinform сайтына сілтеме жасай отырып.

Бірқатар дереккөзде орта салмақта әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) мен әзірге жеңіліп көрмеген британдық спортшының жекпе-жегі сәуір немесе мамыр айларында Қазақстанда өтуі мүмкін екені хабарланған еді.

Агент Кевин Мари Ring Magazine сайтына берген сұхбатында оған байланысты келіссөз шын мәнінде жүріп жатқанын айтты.

27-жастағы Шакил Томпсон өзінің мансабында 13 жекпе-жек өткізді. Оның ішінде барлығында қарсыласын қапы қалдырып, 9-ында нокаутпен жеңген.

WBO рейтингінде британиялық боксшы 9-орынға жайғасқан. Бұл титул үшін жекпе-жек өткізуге мүмкіндік береді.

Дереккөз: sportplustv.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или