УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан командалар белгілі болды

Қаңтардың 29-нан 30-на қараған түні Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің соңғы, 8-тур ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нәтижесінде «Ливерпуль», «Барселона», «Арсенал», «Интер», «Атлетико», «Байер», «Лилль» және «Астон Вилла» алғашқы сегіздікке кіріп, плей-офф кезеңінің 1/8 финалына тікелей жолдама алды.
Ал 9-дан 24-орынға дейін жайғасқан 16 команда іріктеу матчтары арқылы 1/8 финал жолдамасын сарапқа салады. Олар - «Аталанта», «Боруссия», «Реал», «Бавария», «Милан», ПСВ, «ПСЖ», «Бенфика», «Монако», «Брест», «Фейеноорд», «Ювентус», «Селтик», «Манчестер Сити», «Спортинг» және «Брюгге».
Айта кетейік, плей-офф кезеңіндегі жеребеде 9-16-орын алған клубтар 17-24-сатыға жайғасқан командалармен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или