«Астана» баскетболшылары маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті

«Астана» баскетболшылары маусымдағы алғашқы жеңісіне жетті

ВТБ Бірыңғай лигасында өнер көрсететін «Астана» баскетбол клубы биылғы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Өз алаңында «Самараны» қабылдаған елордалықтар 73:67 есебімен басым түсті.

Айта кету керек, «Астана» БК осы маусыда барлығы 28 ойын өткізіп, соның 27-де жеңілген болатын. Бұл осынау лига тарихындағы антирекорд – яғни, ең нашар көрсеткіш.

Ойынның бірінші кезеңінде «Самара» есепте басым болғанымен, қалған үш кезең бойы астаналықтар қателікке жол бермеді: сауатты қорғанып, нәтижелі шабуылдады (16:24, 24:15, 17:15, 18:13).

«Астана» сапынан ең көп ұпайды Григорий Мотовилов жинады – 23. Сондай-ақ, Даниель Утоми – 13, Рустам Мурзагалиев – 11, Данила Походяев – 7, Андрей Десятников пен Вадим Щербак – 6, Галлин Смит – 4, Руслан Айтқали – 3, Асқар Майдекин – 2 ұпайдан еншіледі.

Келесі матчты «Астана» 1 ақпан күні өз алаңында мәскеулік МБА-мен кездеседі.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или