«Мұстафа Өзтүрік жүлдесі»: Таеквондо үздіктері Астанада анықталады

«Мұстафа Өзтүрік жүлдесі»: Таеквондо үздіктері Астанада анықталады

Астана қаласында 2025 жылдың 1 ақпаны күні Астанадағы Rixos қонақүйінің «Жерұйық» залында «Қазақстан WT таеквондо федерациясының» ұйымдастыруымен «Мұстафа Өзтүрік жүлдесі» салтанатты іс-шарасы өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Салтанатты іс-шараға ҚР Туризм және спорт министрі, ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің, ҚР Ұлттық Паралимпиадалық комитетінің жетекшілері, мемлекеттік орган өкілдері, сондай-ақ, спортшылар, бапкерлер, төрешілер мен таеквондо және пара таеквондо ардагерлері қатысады.

Іс-шара аясында жыл қорытындыланып, 2024 жылы ірі жетістіктерге жеткен әрі аталған спорт түрінің дамуына зор үлес қосқан спортшылар, бапкерлер және төрешілер марапатталады.

«Мұстафа Өзтүрік жүлдесі» – қазақстандық таеквондо спортының жетістігін асырып, осы спорт түрінің елімізде кең таралуына үлес қосқан ұлы тұлғаны есте сақтау мақсатында өткізілетін жыл сайынғы жүлдеге айналмақ.

«Қазақстан WT таеквондо федерациясы» аталған іс-шараның дәстүрге айналып, таеквондоның Қазақстандағы дамуына тікелей әсер ететін және осы спорт түрінің құндылықтарын арттыратын жоба боларына сенім білдіреді.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или