«Астана» командасының шабандозы Италиядағы жарыста жүлдегер атанды

«Астана» командасының шабандозы Италиядағы жарыста жүлдегер атанды

Сәрсенбі күні Италияда өтетін дәстүрлі біркүндік веложарыс «Трофео Кальвиа» аяқталды,  деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшылар 149,6 километр қашықтықты Пальманова қаласында бастaп, сол жерде аяқтады.

«Астана» командасының шабандозы Кристиан Скарони керемет жылдамдық көрсетті және екінші орынға табан тіреді, жеңімпаз – Швейцария өкілі Ян Кристенге бар болғаны алты секунд қана ұтылды. Үшінші орын да осы командадағы шабандоз – Португалияның өкілі Антонио Моргадоға бұйырды.

«Трофео Кальвиа» (Италия, 149,6 км):
1. Ян Кристен (Швейцария, UAE Team Emirates-XRG) — 3:34:45
2 .Кристиан Скарони (Италия, Астана) — +0:06
3. Антонио Моргадо (Португалия, UAE Team Emirates-XRG).

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или