«Реал Мадрид» бас бапкері Мбаппе туралы пікір білдірді
«Реал Мадрид» бас бапкері Карло Анчелотти команда шабуылшы Килиан Мбаппенің бейімделуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мбаппенің бейімделуі ме? Килиан өзін керемет сезінеді. Басында оған үйренісу қажет болды, бірақ қазір ол толықтай бейімделді және біз оның ойынын тамашалап жүрміз… Командада прогресс байқалады. Мбаппе, Родриго, Беллингем және Винисиус сияқты ойыншылардың шеберлігі бізге көп көмектеседі. Бұл бізге оптимизм сыйлайды», – деп келтіреді Анчелоттидің сөзін AS басылымы.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мбаппе «Реалдың» ойынына толық бейімделгенін мәлімдеген болатын. Осы маусымда 26 жастағы француз барлық турнирде 31 матчқа қатысып, 21 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или