Алматыда өтетін PWL 8 турниріне қатысатын қазақстандық балуандар белгілі болды
Ақпан айында Алматыда әлем күресі жұлдыздарының қатысуымен PWL 8 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарысқа Қазақстаннан үш балуан қатысады. Бұл – Ризабек Айтмұқан, Азамат Дәулетбеков және Жәмила Бақбергенова.
Еркін күрестен әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, төрт дүркін Азия чемпионы Азамат Дәулетбековтың қарсыласы екі дүркін әлем чемпионы ирандық Камран Гасемпур болмақ. Балуандар 92 келі салмақта сынға түседі.
72 келі салмақта әлем чемпионатының төрт дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегері қырғызстандық Айпер Медетқызымен күш сынасады. 76 келі салмақта Жәмила мен Айпери кім мықтыны анықтайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или