2025 жылғы Қысқы Азия ойындары Қазақстанда тікелей эфирде көрсетіледі

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы хабарлағандай, 2025 жылы 7-14 ақпан аралығында өтетін Қысқы Азия ойындарының тікелей трансляцияның құқықтары сатып алынған.
Қазақстандық жанкүйерлер бұл ойындарды «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде көре алады.
Харбинде өтетін Азия ойындарына Қазақстан атынан 137 спортшы қатысады. Азия ойындарында ту көтерушілер ретінде хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова өнер көрсетеді.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или