Волейбол: «Атырау» ел чемпионы «Таразды» ұтты

Волейбол: «Атырау» ел чемпионы «Таразды» ұтты

Талдықорған қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының үшінші турында «Атырау» мен «Тараз» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz 

Осының алдында Юрий Башкатов жаттықтыратын тараздықтар биыл жақсы қарқын алған «Буревестникті» 3:1 есебімен ұтқан еді. Сөйтіп «Тараз» тоғыз жеңіліс сериясын үзгендей болған.

Бұл жолы атыраулықтар камбэк жасап, ел чемпионын тізерлетті – 3:1 (21:25, 25:15, 25:21, 25:23).

Осылайша, 25 ұпай жинаған Ислам Жұмабековтің шәкірттері турнир кестесінде 6-орынға көтерілді.

«Тараз» 20 ұпаймен 7-сатыда қалды.

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или