Неймар «Аль-Хиляльдан» кетті

Неймар «Аль-Хиляльдан» кетті

«Аль-Хиляль» бразилиялық шабуылшы Неймардың кеткенін хабарлады. Тараптар өзара келісім бойынша келісімшартты бұзды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Аль-Хиляль мен Неймар өзара келісім бойынша ойыншымен келісімшартты бұзуға келісті. Рахмет және сәттілік, Неймар», - деп жазылған клубтың X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.

Бұған дейін, Неймар мансабын 2013 жылы ойнаған «Сантоста» жалғастыруы мүмкін екендігі хабарланған болатын.

Осы маусымда Неймар «Аль-Хиляль» сапында барлық турнирлерде екі матч өткізді, бірақ гол соға алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или