Танымал футболшы есірткі тасымалдады деген күдікпен қамауға алынды

Танымал футболшы есірткі тасымалдады деген күдікпен қамауға алынды

«Интер» мен «Рома» клубтарының бұрынғы ойыншысы, белгиялық Раджа Наингголанды есірткі саудасына қатысы бар деген күдікпен Брюссель полициясы қамауға алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Corriere dello Sport мәліметінше, құқық қорғау органдары 36 жастағы спортшыны бүгін, 27 қаңтар күні ұстаған.

Еске сала кетейік, 22 қаңтарда жартылай қорғаушы Бельгияның екінші дивизионында ойнайтын «Локерен-Темземен» келісімшарт жасасқан еді.

Наингголан Бельгияда кокаинды таратуға қатысты ұйымдасқан қылмысты тергеу аясында тұтқындалған. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Футболшы халықаралық есірткі айналымына қатысы бар деп айыпталда. Ол Оңтүстік Америкадан Еуропаға кокаинді Бельгия порты арқылы жеткізуге көмектескені айтылған.

Наингголан бұрын Италияның «Кальяри», «Пьяченца», миландық «Интер», римдік «Рома», СПАЛ және Бельгияның «Антверпен» клубтарында ойнаған. Футболшының соңғы клубы индонезиялық «Бхаянгкара» болды. Наингголан – миландық «Интер» сапында Италия чемпионы және «Антверпенмен» Бельгия чемпионы атанған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или