Путинцева әлемдік рейтингте 20-шы орынға көтерілді

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жекелей рейтингінде Australian Open-2025 турнирінен кейін жағдайын жақсартты, деп жазады Prosports.kz.
Рейтингтің жаңартылған нұсқасында Юлия үш сатыға көтеріліп, 20-орынға тұрақтады. Бұл оның рейтингтер кестесіндегі жеке рекорды, Путинцеваның ең жоғары жетістігі 23-ші орын еді.
Жұптық сайыс рейтингінде Юлия 104-ші орында тұр.
Еске салайық, 2025 жылғы Австралия ашық чемпионатында Юлия Путинцева үшінші раундта ресейлік Дарья Касаткинаға есе жіберді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или