Юлия Галышева АҚШ-та фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңінде жүлделі болды

Юлия Галышева АҚШ-та фристайл-могулдан әлем кубогының кезеңінде жүлделі болды

Фристайлдан могулдан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Юлия Галышева Уотервиллде (АҚШ) өткен әлем кубогы кезеңінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы параллельді могулда сәтті өнер көрсетті. Галышева жартылай финалға шығып, франциялық Перрин Лаффонттан жеңіліп қалды.

Үшінші орын үшін өткен жарыста қазақстандық қыз Майя Швингхаммерден (Канада) мықты екенін көрсетті.

Перрин Лаффонт алтыннан алқа тағынса, Джейлин Кауф (АҚШ) екінші орынға ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или