Бразилия құрамасы Оңтүстік Америка чемпионатында Аргентина құрамасынан жеңілді
U-20 Бразилия құрамасы Оңтүстік Америка чемпионатының 1-турында Аргентина құрамасынан жеңілді (0:6), деп хабарлайды Prosports.kz.
Аргентина алғашқы үш голын ойынның басында-ақ соқты. Алтыншы минутта Ян Субиабре, сегізінші минутта Клаудио Эчеверри көзге түсті, ал он бірінші минутта Игор Серроте автогол соғып алды. Сонымен қатар, Агустин Руберто мен Сантьяго Масса өз мүмкіндіктерін сәтті пайдаланды.
Матчтың жұлдызы «Манчестер Сити» командасының жартылай қорғаушысы Клаудио Эчеверри атанды. Ол дубль жасап, нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, Бразилия U-20 жасөспірімдер арасындағы Оңтүстік Америка чемпионатында 12 рет жеңіске жеткен рекорд иесі болып табылады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или