Сандуғаш Кенжебаева Түркиядағы турнирде қатарынан үшінші рет жеңімпаз атанды

Сандуғаш Кенжебаева Түркиядағы турнирде қатарынан үшінші рет жеңімпаз атанды

Анталия қаласында ITF W15 санатындағы турнир аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, Сандуғаш Кенжебаева неміс теннисшісі Жоэль Стойрмен жұптасып, финалда Асылжан Арыстанбекова мен Дарья Шадчневаны 3:6, 6:4, 10:2 есебімен жеңді.

Бұл Сандуғаш үшін жұптық сайыстағы қатарынан үшінші жеңіс. Жалпы алғанда, ол ITF турнирлерінде жұптық сында бесінші титулын жеңіп алды. Ертең жаңартылған WTA рейтингінде Сандуғаш жұптық сында 690-орыннан 578-орынға көтеріледі.

Сандуғаш Кенжебаева — Қазақстан теннис академиясының түлегі. Team Kazakhstan академиясы 2008 жылы ойыншылар резервін дайындау мақсатында ашылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или