Головкин командасындағы қазақстандық боксшы Астанада жекпе-жек өткізеді
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы Әли Ахмедовтің келесі жекпе-жегінің орны мен күні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
Ахмедов келесі жекпе-жегін 28 ақпанда Қазақстанның елордасы – Астанада өтетін бокс кешінде өткізеді. Әзірге отандық боксшының қарсыласы кім болатыны белгісіз. Әли Ахмедовтің жекпе-жегі осы бокс кешінің басты оқиғасы болмақ. Әли Ахмедов соңғы жекпе-жегін 18 қаңтарда Американың Коммерс қаласында өткізді. Бұл жекпе-жекте ол жергілікті боксшы Малкольм Джонсты екінші раундта нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, 29 жастағы спортшы бұған дейін Геннадий Головкиннің командасымен бірге жаттығып, жекпе-жектерінің андеркардында да өнер көрсеткен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или