Үш дүркін Қазақстан чемпионы «Қызылжар» сапына қосылды

Үш дүркін Қазақстан чемпионы «Қызылжар» сапына қосылды

Жартылай қорғаушы Мәди Жақыпбаев «Қызылжар» сапына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қызылжар» футбол клубы жартылай қорғаушы Мәди Жақыпбаевты өз құрамына қосқанын хабарлайды.

24 жастағы футболшы – елордалық футбол мектебінің түлегі. Ол «Астана» командасының сапында ойнап, үш рет Қазақстан чемпионы атанды.

Бұдан бөлек, Мәди «Шахтер» және «Хан Тәңірі» клубтарында өнер көрсетті.Сонымен қатар, жартылай қорғаушы 2020 жылы Қазақстан жастар құрамасының намысын қорғап, үш матчта алаңға шыққан», - делінген клуб хабарламасында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или