«Буревестник» қатарынан үшінші кездесуінде жеңіске жетті

«Буревестник» қатарынан үшінші кездесуінде жеңіске жетті

Талдықорған қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының үшінші турында «Буревестник» қатарынан үш кездесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұған дейін алматылықтар «Ақтөбе» мен «Жетісу» волейбол командаларынан басым түскен еді.

Бұл жолы Игорь Никольченконың шәкірттері өткен жылғы күміс жүлдегер «Павлодар» клубымен шеберлік байқасып, жеңіске жетті. 

Аса тартысты өткен бәсекеде «Буревестник» командасы  — 3:2 (25:23, 20:25, 25:22, 22:25, 15:6) есебімен үздік шықты. 

Осылайша, 29 ұпай жинаған «Буревестник» турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или