Али Ахмедовтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Али Ахмедовтың келесі жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды

Қазақстандық боксшы Али Ахмедов (23-1, 17 КО) Астанада өтетін келесі жекпе-жегін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ахмедовтың рингке қайта шығуы 28 ақпанға жоспарланған, деп хабарлайды шараны ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі. Алидің қарсыласының есімі әлі анықталған жоқ.

Айта кетейік, Ахмедов кейінгі жекпе-жегін 18 қаңтарда Калифорния штатының Коммерс қаласында өткізіп, екінші раундта америкалық Малкольм Джонсты (17-5-1, 10 КО) нокаутпен жеңген болатын.

Бұған дейін Али Геннадий Головкинмен бір командада жаттығып, оның жекпе-жектерінің андеркардында өнер көрсеткен. Дегенмен, ол жақында жаттықтырушыларын ауыстырды және қазір промоутер Том Леффлермен серіктестігін сақтай отырып, Рики Фуньеспен жұмыс істейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или