Қазақстандық спортшылар АҚШ-та өткен әлем кубогында өнер көрсетті
Уотервиллде (АҚШ) фристайл могулдан әлем кубогы кезеңі басталды.
Турнир аясында могулдан жекелей жарыстар өтті. Қазақстан құрамасында үздік нәтижені Юлия Галышева көрсетті. Ол алтыншы орынға ие болды.
Анастасия Городко тоғызыншы, Аяулым Амренова 26-болды.
Ерлер арасында Павел Колмаков қорытындыда 21-орын Антон Бондарев 39, Фёдор Бугаков 43-орынға табан тіреді.
Айта кетейік, 25 қаңтарда параллель могулдан жарыс өтеді.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или