Руслан Балтиев Қазақстан футболында маңызды лауазымға тағайындалады
46 жастағы қазақстандық маман Руслан Балтиев Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) ұлттық құрамалар департаментінің директоры лауазымына тағайындалады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі «Kommentator_Maulen» телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Руслан Балтиев бұл қызметте 2024 жылы желтоқсанда QFL президенті лауазымын босатып, департамент директоры қызметіне оралған Ғани Қайназаровты алмастыруы мүмкін.
Бұған дейін Балтиев Магомед Адиевтің Қазақстан құрамасы мен Ресейдің «Ахмат» клубындағы бапкерлік штабына кірген.
Футболшы ретінде Балтиев «Қайнар», «Қайрат», «ЦСКА-Қайрат», «Аксесс-Голден Грейн», «Сокол» (Саратов), «Динамо» (Мәскеу), ФК «Мәскеу», «Шинник», «Тобыл» және «Жемчужина-Сочи» командаларында өнер көрсетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или