«Тұран» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қатысатын құрамын жариялады
«Тұран» футбол клубы Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиын 21 қаңтардан 20 ақпанға дейін жалғасын табады. Жиын барысында ойыншылар нақты қаралымнан өтетін болады. Бір айға созылатын жиында бірнеше жолдастық кездесулер өткізетін болады. Қарсыластар туралы толық ақпаратты алдағы күндері жарияланады
Қақпашылар: Тимурбек Закіров, Мирас Мұхамбетжанұлы;
Қорғаушылар: Сағи Маликайдар, Карам Султанов, Әлішер Қажығалиев, Ерасыл Темірші, Нұралы Мамырбаев, Даниал Жанбаев, Шерхан Асанбек, Асқар Сатышев;
Жартылай қорғаушылар: Аслудин Хаджиев, Әбинур Нурымбет, Дамир Нұреділов, Бағдат Жиенбай, Қуаныш Дүйсенбекұлы, Тұрар Асанбек, Нұрдәулет Серік, Алмат Мелсұлы, Дінмұхаммед Серікұлы;
Шабуылшылар: Абылайхан Жұмабек, Ерасыл Сәрсенбай, Лука Згурский, Елиор Рахимов.