ҚБФ бас хатшысы тағайындалды

ҚБФ бас хатшысы тағайындалды

Мерей Төлегенұлы Ақшалов Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл шешімді федерация президенті қабылдап, тиісті бұйрықпен бекітілді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстан бокс федерациясы президентінің бұйрығымен Ақшалов Мерей Төлегенұлы ҚБФ бас хатшысы қызметіне тағайындалды.

Мерей Ақшалов - 36 жаста, бокстан әлем және Азия чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері», - делінген хабарламада.

Еске салайық, Ақшалов 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиада ойындарында Қазақстанның намысын қорғаған. Бес жылдан кейін Алматыда өткен әлем чемпионаты мен Амманда өткен Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Келесі маусымда денсаулығына байланысты бокстан кетуге мәжбүр болды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или