Лоу-кик чемпионаты енді Қазақстанда өтеді
2025 жылғы 26 қаңтарда Астанада ерекше турнир – Qazaqstan Lowkick Championship өтеді, деп хабарлайды Рprosports.kz.
Бұл шара әртүрлі жекпе-жек түрлеріндегі спортшыларды біріктіріп, ең мықты аяқ иелерін анықтайды.
Lowkick Championship алғаш рет Испанияда өткізілген және өзінің қызықты форматымен танымалдылыққа ие болды.
Қатысушылар тек аяқпен соққы жасайды және қарсыластың бірі берілгенге дейін жалғасады. Бұл спорт түрі тек соққының күшін ғана емес, сонымен қатар спортшылардың төзімділігін сынап, көрермендерге ерекше, динамикалық жарыс ұсынады.
Енді лоу-кик чемпионаты Қазақстанға да жетті. Астанада 24 спортшы, оның ішінде 6 қыз қатысатын үлкен турнир өтеді. Турнирге қазақстандық спортшылармен қатар Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстаннан келген қонақтар да қатысады.
Өтетін орны: Lя Театр, MEGA Silk Way СОО.
Уақыты: 26 қаңтар, сағат 21:00.