Бокстан Афины Олимпиадасының қола жүлдегері арнайы орденге ие болды

Бокстан Афины Олимпиадасының қола жүлдегері арнайы орденге ие болды

Бокстан Афины Олимпиадасының қола жүлдегері Серік Елеуов арнайы орденге ие болды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бүгінде Қарағандыдағы бокс мектебінің директоры болып еңбек ететін боксшыға «Бүркіт» арнайы жасағының 25 жылдығында орай медалі еліміздің спорт және қауіпсіздік саласына қосқан үлесі үшін беріліп отыр.

«Тек спортшы ретінде ғана емес, болашақ чемпиондарды тәрбиелеп, арнайы жасақтағы қызметімен де көпке үлгі болып отыр. Әрқашан шынайы көшбасшы, өз ісіне адалдық танытады. Әріптесімізді марапатпен құттықтаймыз! Жетістіктері үшін алғыс айта отырып, бізге берген шабыт үшін ризамыз», - деп жазылған Қарағанды облыстық бокс федерациясының ақпаратында.

2004 жылы Афиныда өткен Олимпиада ойындарында қарағандылық боксшы 60 келіде сынға түсті. Ол жартылай финалға дейін жетіп, шешуші сында түбі пәкістаннан шыққан ағылшын боксшысы Әмір Ханға ұпай саны бойынша жол берді.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или