Нұрқанат Райыс кәсіпқойлар арасындағы алғашқы шайқасын өткізеді

Нұрқанат Райыс кәсіпқойлар арасындағы алғашқы шайқасын өткізеді

Қазақстан құрамасының боксшысы Нұрқанат Райыс кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

— 23 ақпанда Нұрқанат Райыс кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін Ақтауда өткізеді. Бұл 6 раундтық жекпе-жек болады. Қарсыластың есімі кейінірек ресми жарияланады. Нұрқанат кәсіпқой боксқа толық ауысады деп айту әлі ерте. Әуесқойлар арасындағы мансабын жалғастыратын шығар, - деді менеджер Жанпейіс Назарғали.

Нұрқанат Райыс 75 келі салмақта бокстан 2022 жылғы Азия вице-чемпионы және Қазақстанның күміс жүлдегері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или