«Барыстың» бас бапкері Қазақстанның 2025 жылғы Азия ойындарына қатысты жоспарын айтты

«Барыстың» бас бапкері Қазақстанның 2025 жылғы Азия ойындарына қатысты жоспарын айтты

«Барыс» командасының бас бапкері Ғалым Мәмбетәлиев баспасөз мәслихатында Қазақстанның 2025 жылғы Азия ойындарына қатысты жоспарларын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

– Азия ойындарына «Барыс» ойыншыларын жіберу жоспарланып отыр ма? Егер иә болса, оларды кім алмастырады?

– Азия ойындары – негізгі турнир. Біздің міндетіміз – жеңіске жету. Құрамаға шақырылатын ойыншыларды жібереміз. Шамамен он шақты адам. Олардың орнын «Номад» және жастар лигасының ойыншыларымен толтырамыз. Бейбарыс Оразов, Никита Ляпунов, Семен Симонов секілді жігіттер бұл олардың орнын толтырады. Сонымен қатар Николай Шульга мен Олег Бойко да командаға қосылады. Олар өздерін көрсетіп, жақсы тәжірибе жинайды деп ойлаймын.

– Қақпашылардың бірін жібересіз бе?

– Кім керек десе, соны жібереміз.

– Тіпті Никита Бояркинді де ме?

– Егер Никитаны сұраса, Никитаны да жібереміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или