«Барыс» қатарынан он екінші рет жеңілді

«Барыс» қатарынан он екінші рет жеңілді

Бүгін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында өз алаңында Владивостоктың «Адмирал» командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу басында «Барыстың» басымдығымен өтті. Алғашқы шайбаны алтыншы минутта астаналық команданың 21 жастағы жас шабуылшысы Дінмұхамед Қайыржан (№13) соқты. Алайда екінші жиырма минуттықтың ортасында бұрын «Барыс» сапында ойнаған және Қазақстан құрамасына шақырылған Егор Петухов есепті теңестірді.

36-минутта Дамир Жафяров Артем Королевтің пасынан кейін астаналықтар үшін жеңіс шайбасын соқты — 2:1. Матч соңына дейін «Барыс» жеңіске жақын тұрды, бірақ 60-минутта, ойынның аяқталуына 49 секунд қалғанда, Петухов шайба соғып, есепті 2:2 етіп теңестірді.

Овертаймда астаналықтар төртке үш ойнап, басымдықты пайдалана алмады. Ал буллит сериясында Петухов қайтадан шайба соғып, «Адмиралға» жеңіс сыйлады — 2:3. Бұл «Барыстың» қатарынан он екінші жеңілісі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или