«Жетісу» өз алаңында «Буревестниктен» жеңіліп қалды
Талдықорғанда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының үшінші турында жергілікті «Жетісу» Алматының «Буревестнигімен» шеберлік байқасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Осыған дейін өз алаңында өткен жылғы ел чемпионы «Тараз» бен күміс жүлдегер «Павлодарды» 3:2 есебімен тізе бүктірген Марат Адрышевтің шәкірттері алматылықтармен ойында есе жібереміз деп ойламаған шығар.
Алайда Игорь Никольченко жаттықтыратын алматылықтар 3:1 (25:19, 25:23, 22:25, 25:21) есебімен жеңіп кетті.
«Жетісу» 28 ұпаймен үшінші сатыда қалғанымен, «Буревестник» (27 ұпай) оған жақындай түсті.
Ал павлодарлықтар «Тараздан» 3:0 (25:19, 25:23, 25:18) есебімен басым түсіп, 26 ұпаймен бесінші орынды нық ұстап тұр.
Командалар жұма күні демалып, сенбіде бәсекені жалғастырады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақтөбенің» тартысты матчта «Атырауды» ұтқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ «Атырауды» жеңген «Жайық» ұпай санын 40-қа жеткізді.