Максим Самородовтың клубы Түркиядағы алғашқы жиынын аяқтады

Максим Самородовтың клубы Түркиядағы алғашқы жиынын аяқтады


Грозныйдың “Ахмат” командасы Түркияда өткен алғашқы дайындық жиынын аяқтады.

Клубтың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, командаға үш күндік демалыс беріліп, 27 қаңтарда олар Түркияға қайта оралып, көктемгі маусымға дайындықтың екінші, екі апталық кезеңін бастайды.

Айта кетейік, “Ахмат” сапында Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов өнер көрсетеді. Ол командадағы болашағы зор ойыншылардың бірі ретінде бағалануда. Қазіргі уақытта Грозный клубы РПЛ-дің (Ресей Премьер-Лигасы) биылғы маусымының бірінші бөлігінен кейін 13 ұпай жинап, турнир кестесінде 15-орында тұр.

Дереккөз: sports24.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или