ҚХЛ: «Барыс» — «Адмирал» матчының тікелей трансляциясы
Бүгін «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты маусымы аясында «Адмиралмен» кездеседі. Ойын «Барыс Аренада» өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ғалым Мәмбетәлиев шәкірттері үздік кезеңді бастан өткеріп жатқан жоқ. Қатарынан он бір жеңіліс, өткен жылғы антирекордты қайталады, 48 матчтан 25 ұпай жинап, Шығыс конференция кестесінде 12-орында тұр.
«Адмиралға» келетін болсақ, қарсылас плей-офф аймағында, Шығыс конференция кестесінде 7-орында. 47 кездесуде «Адмирал» 48 ұпай жинады.
Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады, оны Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или