Қазақстан шорт-тректен қола медаль жеңіп алды
Туринде өтіп жатқан қысқы Универсиадада Қазақстан аралас шорт-трек эстафетасында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Туриндегі қысқы Универсиадада 2000 метрге аралас эстафетада шорт-тректен Қазақстан құрамасы қола жүлдені жеңіп алды.
Қазақстан құрамасының атынан Алина Әжғалиева, Малика Ермек, Яна Хан, Валерий Клименко және Дінмұхамедалдияр Тәжібай қатысты. Команда 2:44.815 уақытты көрсетіп, тартысты жарыста үшінші орынды алды.
Жарыста алтынды Оңтүстік Корея құрамасы алса, күміс Қытай елінің спортшыларына бұйырды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или