Қазақстанда 2025 жылғы әлем кубогының екінші кезеңі өтеді

Қазақстанда 2025 жылғы әлем кубогының екінші кезеңі өтеді

World Boxing 2025 жылға арналған ресми жарыс күнтізбесін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Атап айтқанда, әлем кубогы кезеңдерінің уақыты белгілі болды. Екінші кезең Қазақстанда 30 маусым мен 7 шілде аралығында өтеді.

Бокстан әлем кубогы – бірнеше кезеңнен тұратын турнирлер сериясы, онда ең үздік ерлер мен әйелдер боксшылары рейтингтік ұпайлар үшін таласады. Биыл үш кезең болып, қараша айында финалдық турнир өтеді.

Сонымен қатар, 2025 жылғы ересектер арасындағы әлем чемпионаты 4-14 қыркүйек аралығында Ұлыбританияда өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или