Фируза Шарипова Флойд Мейвезермен кездесуі туралы айтты

Фируза Шарипова Флойд Мейвезермен кездесуі туралы айтты

Фируза Шарипова Флойд Мейвезермен кездесуі туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz

Фируза танымал былғары қолғап шеберінің кеңесі өмір бойына азық екенін алға тартты.

«Мен одан: «Ұлы жеңімпаз болу үшін не істеуім керек?» деп сұрадым. Ол маған бір-ақ сөзбен түйін қойып берді: «Дұрыс орта, дұрыс адамдармен араласыңыз». Бұл өмір бойына жадыңда ұстайтын кеңес», – деді Шарипова.

Фируза Шарипова бұған дейін кәсіпқой бокстағы соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың желтоқсан айында өткізіп, танзаниялық Фериче Машориді төрешілердің ортақ шешімімен жеңді.

Жақында ол шаршы алаңға оралуға ниетті екенін жеткізді.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или