Хусанов Сәтпаевқа қарсы: Лондондағы экс-журналист пікір білдірді

Хусанов Сәтпаевқа қарсы: Лондондағы экс-журналист пікір білдірді

Лондонда тұратын, Оңтүстік Қазақстаннан шыққан өзбекстандық бұрынғы журналист Әзиз Нуритов Prosports.kz порталына «Челси» «Қайраттың» 16 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаевты сатып алуына байланысты өз пікірін білдірді.

«Мен бұл туралы интернеттен оқығанымды ғана білемін. Бірақ дәл «Челси» сияқты клубтың оны сатып алғанына немесе сатып алуды жоспарлап жатқанына қуаныштымын. Бұл жаңалықтар шыққаннан кейін оның статистикасын қарап шықтым. Таңғалдырады. Алайда «Челсидің» тек танымалдарды, қалыптасқан ойыншыларды сатып алу саясатын ескерсек, негізгі құрамда орнығу мүмкіндігі өте аз. Әсіресе шабуылшы позициясында. Дегенмен Сәтпаевтың «Челси» сапында ойнап, Хусановтың «Сити» сапына қарсы шыққанын көру өте қызық болар еді», – деді Әзиз Нуритов.

Айта кету керек, Әзиз Нуритовтың ұлдары «Челси» футбол академиясымен тікелей байланысты. Бұған дейін оның үлкен ұлы, қазір 20 жастағы Дариус Нуритов «Челси» академиясында жаттығып, Қазақстан жасөспірімдер құрамасының кандидаты ретінде қарастырылған. Қазір оның 12 жастағы ұлы Дилан Нуритов «Фулхэм» және «Челси» даму орталықтарында футбол білімін алып жатыр.

Чесноков «Хартсқа» ауыса ма? Шетелдік БАҚ талдау жасады

Қазақстандық шабуылшы Испаниядан жаңа клуб іздестіріп жатыр

«Трансфер тегін болған жоқ». Еуропалық клуб Қазақстан құрамасының ойыншысын сатып алу жайында

Якоб Новак Қазақстаннан неге кетіп қалғанын түсіндірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или