Дәрігерлер Англияда футбол матчын тоқтатты

Дәрігерлер Англияда футбол матчын тоқтатты

21 қаңтарда Англияның Бірінші лигасында өткен «Болтон» мен «Чарльтон» арасындағы матч бір жанкүйерге шұғыл медициналық көмек қажет болғандықтан тоқтатылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын басталғаннан кейін бір минуттан сәл астам уақыт өткенде стадионда бір жанкүйерге медициналық көмек қажет болып, матч тоқтатылды.

Медициналық қызметкерлер ер адамды эвакуациялаған кезде, екі команданың жанкүйерлері де қошемет көрсетті.

Матч шамамен сегіз минутқа шегеріліп, содан кейін ойын қайта жалғасты.

«Біз сырқаттанған жанкүйердің жағдайы туралы ойлап отырмыз және ол жайында толығырақ ақпарат алған бойда хабарлаймыз», – деп жазды «Болтонның» баспасөз қызметі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или