Қазақстан қоржынына қысқы Универсиаданың 12-жүлдесі түсті
Қазақстан құрамасының қоржынына қысқы Универсиаданың 12-жүлдесі түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Биатлоншы Кирилл Бауэр 15 шақырымдық масс-старт жарысында қола жүлдеге қол жеткізді.
Ерлер арасында өткен масс-старт жарысында ол 26 спортшының арасынан үздік үштікке енді. Бауэр 4 ату кезінде барлығы 4 қате жіберіп, жеңімпаз франциялық Натанэль Пигвиннан 33.8 секундқа қалып қойды.
Бұл жүлде – спортшының халықаралық деңгейдегі алғашқы медалі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или