ITA өмір бойына спорттан шеттетілген қазақстандық жаттықтырушыға қатысты шешімін өзгертті

ITA өмір бойына спорттан шеттетілген қазақстандық жаттықтырушыға қатысты шешімін өзгертті

Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) 2024 жылғы қарашада өмір бойына спорттан шеттетілген ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының экс-жаттықтырушысы Алексей Ниге қатысты шешімді өзгертті.

Агенттік жаза мерзімін 4 жыл деп қысқартты

Алексей Нидің жазасына қатысты шешім ұлттық құраманың 2008 жылы Бейжіңде, 2012 жылы Лондонда және 2016 жылы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаларда болған допинг жанжалына қатысты қабылданған.

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкеріне берілген жаза мерзімінің қысқарғанын Қазақстан ауыр атлетика федерациясы растады.

ІТА Алексейдің ғана емес, туған інісі Виктор Ниге де қатысты шешімін қайта қараған көрінеді. Ол да ұлттық құрамада аға жаттықтырушы болған.

Дереккөз: sportarena.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или