Волейбол: «Жайық» жеңіс сериясын 11 матчқа жеткізді

Волейбол: «Жайық» жеңіс сериясын 11 матчқа жеткізді

Талдықорған қаласында волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының үшінші турында «Жайық» пен «Тараз» өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Виктор Козик жаттықтыратын оралдықтар он матч бойы жеңілмей, 31 ұпаймен жеке-дара көш бастап келе жатса, өткен жылғы ел чемпионы «Тараз» (бас бапкері Юрий Башкатов) 7-сатыда ғана тұрған-ды.

Бұл бәсекеде «Жайық», «Тараз» да тәжірибелі ойыншыларына сенім артты.

Бірінші кезеңде есеп 16:16 болғаннан кейін батысқазақстандықтар алға шығып, күш алып кетті — 25:20.

Екінші партияда «Жайық» бірден басымдылық танытты — 25:20.

Үшінші сет барысында «Тараз» 18:15 есебімен алға кеткенімен, В.Козик шәкірттері таразы басын теңестіре білді — 18:18. Матч Виталий Эрдштейннің эйсімен аяқталды — 28:26. Қорытынды есеп — 3:0.

Осылайша, «Жайық» жеңіс сериясын 11-ге жеткізді.

Дереккөз: kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или