Елена Рыбакина бапкерімен қош айтысты

Елена Рыбакина бапкерімен қош айтысты

Әлемнің жетінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина мен Уимблдон-2001 чемпионы, хорват Горан Иванишевич бірлескен жаттығу жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бұл туралы Иванишевич өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Біздің сынақ мерзіміміз Australian Open турнирінен соң аяқталды. Еленаға және оның командасына алдағы уақытта сәттілік тілеймін», – деп жазды хорват маманы.

2024 жылы Рыбакина хорват маманы Стефан Вуковпен ынтымақтастықты тоқтатқанын хабарлаған болатын. Сол уақыттан бастап ол WTA маусымдық финалдық турниріне дейін жаттықтырушысыз қалды. Аталған турнирде оның жаттықтырушысы Горан Иванишевич болды.

Ал 2025 жылдың қаңтар айында Елена өз командасына Вуковты қайта қосты. Кейіннен Стефаноның WTA-да жұмыс істеуден шеттетілгені белгілі болды.

Айта кетейік, күні кеше Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының ширек финалына өте алмады. Отандасымыз америкалық теннисші Мэдисон Кизбен (№14) кездескен. Үш сетке созылған ойында Киз басымдық танытты.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или