Тигран Гекчян Қазақстан баскетбол құрамасының бас бапкері атанды

Тигран Гекчян Қазақстан баскетбол құрамасының бас бапкері атанды

Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Азия кубогы іріктеу кезеңінің қалған матчтары алдында ауысты, деп хабарлайды Қазақстан баскетбол федерациясы.

Федерацияның хабарлауынша, баскетболдан Қазақстан құрамасын Катар және Иран құрамаларына қарсы өз алаңындағы матчтарға Қазақстанда «Атырау барыстары» клубындағы жұмысымен танымал армян маманы Тигран Гекчян дайындайды.

Гекчянның штатына сондай-ақ ресейлік Евгений Овсянников пен екі қазақстандық бапкер – Александр Лысяк пен Тимур Сұлтанов кірді. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордалық «Астана» баскетбол командасы ВТБ Бірыңғай лигасында қатарынан жиырманшы ойында жеңіліп қалды.

Дереккөз: kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или