Өзбек футболшысы «Манчестер Ситиге» не үшін ауысқанын түсіндірді

Өзбек футболшысы «Манчестер Ситиге» не үшін ауысқанын түсіндірді

Абдуқодир Хусанов «Манчестер Ситиге» не үшін ауысқанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz 

20 жастағы өзбекстандық футболшы күні кеше ресми түрде ағылшындық клубтың ойыншысы атанған еді.

«Бұл команданың қатарына қосылғаныма қуаныштымын. Мен мұнда өсіп-дамуға және трофей алуға келдім. «Ман Сити» – әлемдегі мықты клубтардың бірі және бапкері де үздік. Сол үшін келдім.

Бұл трансфер мен үшін ғана емес, бүкіл Өзбекстан үшін маңызды. Мен Премьер-лигадағы алғашқы өзбек атандым. Бірақ бұл тек бастамасы екеніне сенімдімін. АПЛ-ге әлі талай өзбекстандықтар келіп ойнайды.

Өзбекстанда футболға деген қызығушылық артып келеді. Барлығы Әлем чемпионатына шығуды қалайды. Іріктеуден өтуге бір-ақ қадам қалды», – деді қорғаушы.

Айта кетейік, «қалалықтар» 20 жастағы ойыншыны «Ланстан» 40 млн (+бонус) еуроға сатып алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или