Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатын сәтсіз бастады
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы 20 жасқа дейінгі әлем чемпионатының IIA дивизионы аясында алғашқы матчын өткізді.
Спортшыларымыз Ұлыбритания құрамасымен кездесті. Бірінші кезеңде ешбір шайба соғылған жоқ. Екінші кезеңде командалар бір-бір шайба алмасып, тең нәтиже көрсетті.
Ал соңғы кезеңде қарсыластар Қазақстан қақпасына екі рет дәл соққы жасап, жеңіске жетті.
Ұлыбритания – Қазақстан 3:1 (0:0, 1:1, 2:0)
1:0 – 29:01 – Поттс (Купер, Вослински)
1:1 – 32:33 – Крухольская (Феоктистова, Куклина) артық құрамдағы гол
1:2 – 46:28 – Ньюландс (МакГрегор, Купер)
1:3 – 56:02 – Лэмбертон (Ньюландс)
Айта кетейік, жастар арасындағы әлем чемпионаты Латвияның Рига қаласында өтіп жатыр.
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или