Қазақстан биатлоншылары әлем кубогын жүлдесіз аяқтады

Қазақстан биатлоншылары әлем кубогын жүлдесіз аяқтады

Германияда аяқталған биатлоннан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық шаңғышылар жүлдеден тыс қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рупольдинг қаласындағы турнирде отандық спортшылар эстафеталық және жекелей жарыстар бойынша сынға түскен еді. Алайда олардың көрсеткіштері мүлде көңіл көншітпеді.

Ерлер арасында жекелей сын бойынша Владислав Киреев 67-орынға табан тіреді. Бұдан бөлек, Әсет Дүйсенов 90-орынға тұрақтаса, Иван Дарьиннің көрсеткіші 103-ші орын болды.

Ал әйелдер арасында Ольга Полторанина жекелей сында 66-орынға қол жеткізді. Галина Вишневская-Шепоренко 77-ші болса, құраманың тағы бір мүшесі Елизавета Белецкая 101-ші болып мәре сызығын кесіп өтті.

Рупольдингтегі әлем кубогының эстафеталық бәсекесінде Қазақстан ерлер құрамасы 21-орын алды. Өз кезегінде әйелдер командасы 18-ші орынмен жарысты аяқтады.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или